Лейла

    Арабтың "Лейла" атты сериалы некелік сатқындықтың табиғаты жайында әңгімелейді.

    Махаббат үшбұрышы, ара-қатынастың тұрақсыздығы, жараланған жүректер, некесіз байланыстар, құмарлық және сатқындық - телехикая кейіпкерлеріне осының барлығымен соқтығысуға тура келеді. Ал егер де некелесу екі жастың қарым-қатынасына көмектеспей, керісінше, жыл қосылған сайын одан әрі қиындататын болса ше? Телехикая кейіпкерлері дұрыс жолды қалай табады, ол қандай жол болады, осының барлығын "Жетінші арнаның" - "Нәпсі мен намыс" атты жаңа араб телехикаясында көресіздер!